12 сәуір – Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні
Осыдан 56 жыл бұрын, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары жасалды. «Восток» кемесімен тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшты. Қазақ халқының үш ұлына ғарышта болу бақыты бұйырды. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, Жерге аман-есен оралды. Бүгінгі фоторепортажды қазақтан шыққан ғарышкерлерге арнауды жөн көрдік. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресейдегі Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Авиация институтын бітірген. Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары, Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Ғарышта өтеген мерзімі – 7 күн 22 сағат 13 минут. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев – ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 жылы Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген. Азаматтық авиацияда ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған. 1991 жылдан бастап ғарышқа ұшуға даярланды. 2007 жылдың 11 сәуірі ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 1994 жылы «Союз ТМ-19» кемесінде бірінші рет ғарышқа ұшып, онда 126 күн өткізді. Араға 4 жыл салып екінші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) ғарышта 208 күн болған. Айдын Ақанұлы Айымбетов – еліміздің ұшқыш-ғарышкері, ҚР Халық қаһарманы, «Отан» орденінің иегері. 1972 жылы 27 шілде күні Алматы облысы Талдықорған қаласының Өтенай ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін бітірді. Л-39, Миг-23, Миг-27 және Су-27 ұшақтарында ұшуды меңгерген. 2003-2009 жылдары Ресейдегі Юрий Гагарин атындағы ұшқыштар даярлау орталығында жалпы ғарыштық дайындықтан өтті. 2009 жылдан бастап ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде жұмыс істейді. 2015 жылдың қыркүйегінде «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері болып, халықаралық ғарыш станциясына ұшты. Айдын Айымбетов 10 күндік сапары кезінде денсаулық сақтау саласы мен Арал және Каспий теңіздеріндегі экологиялық ахуалға қатысты зерттеулер жүргізді. 12 қыркүйек күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әуежайында «Союз ТМА-16М» кемесінің экипаж мүшелерін қарсы алды. Экспедиция құрамындағы ұлтымыздың ұлы перзенті Айдын Айымбетовті қарсы алу шарасына дүйім жұрт жиылды. Мемлекет басшысы қазақтың қайсар ұлына ерекше құрмет көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беру үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Елбасының Жарлығымен Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.