Мектебімізде жоспарға сай аудандық емхана медбикесінің және де мектеп психологының, әлеуметтік педагогтың қатысуымен 9-сынып оқушыларымен "Ерте жүктілік және жыныстық даму мәселелері" бойынша кездесу өткізілді.
СҚО Тайынша ауданынының жалпы білім беру мекемелерінің «Жас сарбаз» Қоғамдық әскери-патриоттық қозғалысының балалар- жасөспірімдер клубтарының оқушылары арасында әскери-спорттык көпсайыс бойынша спартакиадасында #5 ОМ оқушылары 3 орынға ие болды. Жетекшісі: Каппасов Кайыр Сериккалиұлы. Құттықтаймыз.
«Тайынша қаласы 5 орта мектебі» КММ Тайынша аудандық сотының ғимаратында кеңсе меңгерушісі Темірбекова А.Қ мектебіміздің 10 сынып оқушыларына таныстыру саяхатын өткізді. Оқушыларға сот кеңсесінің жұмысы, сот процестерінің қалай өтетіндігі жайлы мәлімет берді. Таныстыру кезінде оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып,оларға нақты жауаптар алды.
16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушылары қабылданды. Оқушыларды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық