Әдістемелік кеңесте директордың оқу –ісі жөніндегі орынбасары Оразова Г.К. 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін ұйымдарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері келесі факторлары туралы айтып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланғанын.
2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына барлық бірінші сыныптар көшеді. Олар 2015-2016 оқу жылында 30 пилоттық мектепте апробациядан өткен жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқиды.
Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта
Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде өздігінен әзірлейтіндігі және оны білім беру ұйымының директоры бекітілетіні айтылды. 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің түлектерін қорытынды аттестаттау мен ҚР жоғары оқу орындарына іріктеу тесті өзгергені туралы , «Білім туралы» ҚР Заңына орта білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау рәсімін бөлу және жоғары оқу орнына оқуға түсу туралы түзетулер енгізілетіні айтылып өтілді.