16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушылары қабылданды. Оқушыларды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына 1 және 5 сынып оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді.