Меню KDT

logo.png?_=1675255688

КГУ «Средняя школа № 5 города Тайынша»КГУ  «Отдел образования Тайыншинского района»КГУ  «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»

  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    «Мәңгілік еліміз, жаңа әлемдегі- Қазақстан»

    «Мәңгілік еліміз, жаңа әлемдегі- Қазақстан»

    5А- сынып

    сынып жетекшісі: М. Шайзанхан

    қатыскандар: 22 оқушы

     

    Тақырыбы:«Мәңгілік еліміз, жаңа әлемдегі- Қазақстан»

    Мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Отанына адал қызмет етуге «Мәңгілік ел» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке елжандылыққа тәрбиелеу.


    Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті.


    Барысы:

    1-жүргізуші Насихат:

    Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.

    - біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

    - біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

    - ол-Мәңгілік Ел идеясы

    - Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

    - ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

    - Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

    - Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

             Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді

             Берекелі кең байтақ, жалпақ елді

             Қазастан адымдап бара берді

             Көрінер көкжиектен далам енді

             Кім танымас айтсаңшы айтыңдаршы

             Қазақстан егемен менің елімді

             Кім танымас тербелген тал бесікті

             Болашаққа айқара аштық кең есікті

             Барша ел аузын ашып тамсанумен

             Қандай ғана егемен ел десіпті

     

    2-жүргізуші Жанайым:

    2017 жылдың 31 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын жариялады: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
     Ән: «Атамекен»

    1 – жүргізуші Насихат: Ассамблея деп ауыз ашқаннан көз алдыңа еліміздегі тыныштық, этносаралық жарастық, конфессияаралық келісім келеді. Бір құдіреттің күшімен осынау сөз Қазақстанда барлық бейбіт өмірді, тұрақты тіршілікті жасап тұрғандай болып көрінеді. Біз 25 жыл бойы соған үйреніп, соған әбден сеніп алдық. Өткен 25 жылда Қазақстан қоғамының ішкі ықпалдасуының, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтудың біртұтас мемлекеттік және қоғамдық жүйесі толығымен қалыптасты.
    2 – жүргізуші Жанайым: Ел ішінде мұқият талқыланып, Елбасы мақұлдаған «Ел бірлігі доктринасы» бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудың «Бір ел - бір тағдыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» сияқты басты қағидаларын айқындап берді. Елбасының өкімімен бекітілген Қазақстан халқы ассамблеясы туралы ережелер оның мәртебесі мен құзіреттерін, сондай - ақ, Ел бірлігі саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға қатысу тәртібін бекітті.
    Өткен жылы Елбасының Өкімімен Президент жанындағы «Қоғамдық келісім республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.

    Қорынтынды: Міне оқушылар, біз елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдері бастап кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан - 2050» стратериясы ұлттық ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді   үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.

     

     

    11.03.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    директор школы

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки